Мәселе

Шырақшы кесенеге келген әйелдің ернінен сүйіп алған (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Киелі орынға келген әйелді ұшықтаймын деп ернінен сүйіп алған шырақшы көптің ашуын тудырды. Әлеуметтік желіде белгісіз ер азаматтың дін өкіліне келіп, мәселені шешпек болған әрекетінің видеосы тарады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Facebook-те тараған видеода бейнежазбаны түсіріп тұрған ер азамат шырақшыны "Әулиенің қасында әйел азаматын ернінен сүйіп, ұшықтауға бола ма?" деп сұрақтың астына алады. Алайда дін өкілі өзінің әрекетін жоққа шығармайды.

 

Шырақшының ерсі қылығын көрген желі қолданушылары оны сынның астына алды.

 

 

Оқиғаның Түркістан облысы Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінде түсірілгені белгілі болды.

 

"Отырар" мемлекеттік археологиялық қорық-музейіндегілердің мәліметінше, бұл осыдан бір жарым жыл бұрын болған оқиға. Шырақшы осы ерсі қылығынан кейін жұмысынан кеткен. 20 жылға жуық кесене шырақшысы болған ол бүгінде музейде қорықшы қызметін атқарып жүр екен.

 

 

 




Көрілген: 3781    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 20:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30