Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы

26 қазан 2020, 08:14

«Қазгидромет» РМК 26 қазанда еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қазақстанның барлық қалаларында метеодағдай қалыпты болады.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.