Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Синоптиктер қаңтарда ауа райының қандай болатынын айтты

30 желтоқсан 2017, 13:55

Синоптиктер қаңтар айында ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Айдың алғашқы он күнінде республиканың басым бөлігінде Сібір антициклонына байланысты күн ашық, аздап аяз және түнде, таңертең тұман болады. Ауа температурасы батыста түнде 5-13 градус, күндіз 0-5 градус суық болады; солтүстік пен орталықта түнде 20-25, шығыстың кей жерлерінде 30 градусқа дейін аяз, күндіз 15-20, шығыстың кей жерлерінде 25 градусқа дейін аяз болады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, тұман және көктайғақ, түнде 3-13, күндіз 0-5 градус суық болса, еліміздің оңтүстігіндегі кей жерлерде 5 градус жылы болады. Көпжылдық болжамдарға сәйкес, айтарлықтай аязды күндер Крещение кезінде күтіледі, ол кезде солтүстіктегі ауа температурасы түнде 25-30, күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді; оңтүстікте түнде 17-22, күндіз 10-15 градус суық болады. Жалпы, қаңтар айында ауа температурасы климаттық мәнге сай болады деп болжанып отыр, тек батыста нормадан 1 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан аз түседі, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қостанай мен Қарағандының солтүстігінде, Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында, Жамбыл, Алматы облыстарында нормадан көп түседі, ал қалған аймақтарда жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады.