Мәселе

Сириядан оралған әйел ұлының жанкешті болып қаза тапқанын айтты

  • © Sputnik / Михаил Воскресенский

    © Sputnik / Михаил Воскресенский

Күйеуінің соңынан Сирияға кеткен қазақстандық әйелдер шайқас алаңына қалай тап болғанын, сондай-ақ жат жерде бастан өткерген қиындықтары жайлы әңгімелеп берді.


Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны Гүлжан әскери ұрыстар аумағына 2016 жылы отбасымен бірге барған. Бұған дейін отбасы Қазақстанда тұрып, кейін Түркияға жол тартады, деп хабарлады Otyrar.kz.


Әйелдің айтуынша, оның күйеуі теріс діни ағымды ұстанып, отбасын Сирияға көшіріп әкеткен.


"Күйеуім Сирияда бауырлары бар екенін, бізді жақсы күтіп алатынын айтты. Ол жақта бәрі жақсы, біз Сирияда тұруымыз керек, өйткені ол жақта ислам бар дегенді алға тартты. Сирияға Түркия арқылы өттік. (…) Алдымен екі күнге жуық бір шағын ауылда болдық, кейін жолбасшы бізге Сирияға жаяу жетуге көмектесті", - дейді Гүлжан.


Әйелдің айтуынша, әскери ұрыстар алаңына келгенде күйеуі екеуінің бес баласы болған, тағы екеуін Сирияда босанады. Дегенмен бір жылдан кейін Гүлжан күйеуінен айырылады, ал тұңғыш ұлы минаға түсіп қаза болған.


"Жалғыз ұлым болды. Ол құрдастарымен ойнап жүріп, минаны басып кетті", - дейді әйел.


"Ұлым жанкешті болды"


Ранияның отбасы Сирияға келе салысымен неше түрлі сұмдыққа куә болған. ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатарында соғысқан күйеуі сол жылы-ақ снайпердің оғынан қаза тапқан.


"Оларды алдап-арбап, алдыңғы шепке аттандырды. Күйеуімнің жолдасы ауыр жараланып, көмек сұраған. Күйеуім көмекке барғанда снайпер оның аяғынан, кейін арқасынан атқан", - дейді қазақстандық.


Біраз уақыттан кейін Ранияның үлкен ұлы көз жұмады.


"Бір күні тамақ іздеп үйден шығып кетіп, қайтып келгенде үлкен ұлымды таппай қалдым. Ол заттарын жинап, бауырларына кететінін айтыпты. Қайтып оралмайтын шығар деп уайымдадым. Біраз уақыттан кейін көршім келіп, жақсы жаңалығы бар екенін, менің ұлым шахид (жанкешті лаңкес – Sputnik) болғанын айтты", - деп есіне алды Рания.


Қазіргі таңда әйелдер балаларымен бірге Қазақстанда тұрып жатыр. Олар отанына "Жусан" гуманитарлық операциясы арқасында оралды.


Sputnik


 




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 14:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31