Мәселе

СҚО-да асыл тұқымды мал құтыру ауруына шалдықты

  • https://syrboyi.kz/

    https://syrboyi.kz/

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Темирязев ауданында құтыру ауруының ошағы тіркелді. Ангус сиырларын өсіретін шаруашылық аумағына түлкі кіріп кеткен. Жабайы аңның тісі тиген сиырдан алынған сараптама оның құтыру ауруына шалдыққанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

Ауру ошағы тіркелген «Атамекен Агро Тимирязево» серіктестігінде 60 күндік шектеу шаралары енгізілді. Шаруашылық жалпы саны 1600-ден астам асыл тұқымды ангус сиырларын өсіреді. Шектеу шараларына байланысты елді мекеннен мал және ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынған.

 

«Атамекен Агро Тимирязево» шаруашылығында бір бас мал құтыру ауруына шалдыққаны туралы күдік пайда болғаны туралы ақпарат түсті. Сол күні сал өлім-жітімге ұшырады. Келесі күні паталогиялық материал алынып, зертханаға жеткізілді. Сараптама нәтижесінде құтыру ауруы расталды. Ауру мал өртеніп, орны зарарсызнадырылды. Қалған мал бақылауда»,  - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

 

Мамандардың айтуынша шаруашылықта басқа мал ауруы тіркелмеген. Ауру сиырмен бір табында болған ірі қара ветеринарлардың бақылауына алынды.

 

«Биылғы қыс өте қатты болды. Азық іздеген жабайы аңдар елді мекендерге кіріп кеткен жағдайлар жиіледі. Құтыру ауруы басқа малдарға сілекей, азық арқылы жұғады. Оның таралуының алын-алу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құтырған сиырлардың сілекейі ағады. Малдың жүйке жүйесі зықамданады. Сондықтан жарықтан, судан, адамдардан қорқып, қараңғы жерге тығылаы беруі мүмкін. Тәбеті болмайды. Құтырманың бірнеше түрі бар. Бұл ауру емделмейді. Сондықтан мал шығынымен аяқталады», - дейді Берік Әлжанов.

 

Солтүстік Қазақстан бойынша 53 мың ірі-қараға құтыру ауруына қарсы вакцина егу жоспарлануда.

 

 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31