Мәселе

СҚО-да хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды

  • СҚО-да хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды

    СҚО-да хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды

СҚО полицейлері хат танымайтын әйел мен баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала табылды. Анасы мен қызының ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды. Әйел сөйлесуден бас тартқан, бірақ Әйелдерді қолдау орталығындағы қызметкерлердің көмегі арқылы полицейлер оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізген.

"Қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Өзінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД Криминал полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Олар Криминал полиция қызметкерлері Әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе атқаратын профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде табылған. Бір азамат Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының адам сатуға қарсы қызметінің жедел желісіне (116-16 нөміріне) хабарласқан және олар әрі қарай СҚО полицейлеріне жеткізген.




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 22:51
    ЖАҚСЫ ЕНЕНІҢ 15 әдеті
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31