Мәселе

СҚО-да құс тұмауына байланысты 10 елдімекен карантинге жабылды

  • https://ult.kz/

    https://ult.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты 7 ауданның 10 елдімекені карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО аумағында құс тұмауының анықталуына байланысты тиісті ведомство басшылары мен өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

 

Зертхана қорытындысына сәйкес аурудың таралуына жол бермеу мақсатында облыстағы Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев - 7 ауданның 10 елдімекені карантинге жабылады.

 

«Карантин талабына сай бұл елдімекендерге кіріп-шығу шектеледі. Кіріп-шыққан көліктерді залалсыздандыру үшін кіреберістерде дезинфекциялық тосқауылдар қойылады. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың, құқық қорғау, медициналық және ветеринарлық қызметтердің көліктері ветеринарлық қауіпсіздікті сақтай отыра кедергісіз жүреді. Карантиндік аймақтардан тірі құстарды, құс өнімдерін, қауырсыны мен мамығын, жемазықты және құс шаруашылығында қолданылған қондырғыларды шығаруға тыйым салынады», - дейді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

 

Республикалық бюджет есебінен құсы қырылған тұрғындарға өтемақы беріледі. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Құстың түріне, жыныстық-жастық тобына қарай нарықтағы орташа бағасы бойынша өтемақы төленбек.

 

«Құс тұмауынан құтылу үшін ауру құстарды жою керек. Құстар алынып, өртеледі. Бұл жұмыстармен республикалық эпизоотияға қарсы отрядтар айналысады. Олар құстарды алу барысында құжат толтырып, онда құстың түрін, жыныстық-жастық тобын көрсетеді. Кейін бұл құжат өтемақы төлеуге негіз болады», - дейді Берік Әлжанов.

 

Ал ауру жұқтырмаған құстарға екпе жасалып, олар ветеринарлық дәрігерлердің бақылауында болады. Карантин аурудың соңғы жағдайы тіркелген күннен кейін 3 апта өтісімен алынады.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылық министрлігі СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошағы анықталғанын хабарлаған болатын.

 




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31