Мәселе

«СІМ қызметкері СOVID-19 қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болды» деген ақпарат тарады

  • © РИА Новости / Павел Бедняков

    © РИА Новости / Павел Бедняков

Қазнетте Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейінгі екінші күні қайтыс болды деген хабар тарады. Бұл жалған деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Хабарламада Қырғызстан СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шәкіровтің фотосуреті ұсынылған, оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 1 сәуірде тараған болатын. Өлімнің ресми себебі әлі айтылған жоқ. Оның Қырғызстанда алғашқы болып COVID-19 қарсы вакцина алғандардың бірі болғаны белгілі. Оған қытайлық «China Biotekshnology go LTD» компаниясының «SinoPfarm» препараты егілген.

 

Бірақ 2 сәуірде Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бақтияр Шәкіровтің COVID-19-ға қарсы қандай да бір вакцина алғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

 

– Вакцинация жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде вакцинаны медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, оқытушылар және әлеуметтік қызметкерлер алады. Дипломатиялық құрылымдардың қызметкерлері аталған адамдар тобына жатпайды, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 

Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының сарапшылары Шәкіровтың денесін сырттай тексеру кезінде иық аймағынан вакцинацияның іздерін таппады.

 

БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болған СІМ қызметкерінің вакцинацияланғаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экс-баспасөз хатшысы Елена Баялинова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. Кейін ол Шәкіровтың вакцина алғанын нақты білмейтінін және ал оның вакцинадан көз жұмғаны туралы «Денсаулық сақтау министрлігінің назарын аудару үшін» жаздым деп мәлімдеді.

 

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда SinoPfarm вакцинасы қолданылып жатқан жоқ. Елімізде азаматтарға ресейлік «Спутник-V» препараты егілуде.

 

Демек, Бақтияр Шәкіровтің өлімінің COVID-19-ға қарсы вакцинацияға да, Қазақстанға да ешқандай қатысы жоқ.

 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1241    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31