Мәселе

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы пойызбен тегін жүреді

  • © mosreg.ru

    © mosreg.ru

Соғыс және тыл ардагерлері жыл бойы теміржолда тегін жүреді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен біріге отырып Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды.


Бұл акция "Жеңіс" деп аталатын республикалық әлеуметік-қайырымдылық жобаның аясында өтіп жатыр. Акцияның шарттарына сай барлық ардагерлер "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на қарасты барша бағыттарда және де Компанияның ТМД аумағына жүретін пойыздарында тегін жүре алады.


Оларға барлық вагондарда купе және де "Тұлпар-тальго" вагондарында "Турист" пен мүгедектерге арналған арнайы орындар қарастырылған.


Сонымен бірге сапар барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тегін тамақ беріледі.


Жол билеттерін рәсімдеу үшін билет кассаларына жеке куәлікпен қоса Ұлы отан соғысы мен тыл ардагері екенін растайтын құжатты тапсыру керек.


ТМД аумағына сапар шегетін ардагерлер жол билетін тек Қазақстан Республикасында сатып ала алады.


 




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30