Мәселе

Солтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар жеті тас жолды су шайып кетті

  • Солтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар жеті тас жолды су шайып кетті

    Солтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар жеті тас жолды су шайып кетті

Солтүстік Қазақстанның Селеті өзенінің бойында орналасқан Қаратал мен Қулыкөл ауылдарына қауіп төніп тұр. Судың көлемі күн санап артып келеді.


Екі тәуліктің ішінде Селеті су қоймасы 90 млн текше метр су өткізді. Екі ауыл арасындағы жолды су шайып, қозғалыс қиындаған.


Аталған елді мекендерде мыңнан астам адам тұрады.


Құтқарушылар жергілікті мектептің ішінде эвакуациялық бекет әзірлеген. Әзірге онда 33 адам көшірілді. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Ал қалған тұрғындар баспаналарын тастауға асықпай жатыр.


СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов Селеті су қоймасының 574 текше метр су өткізіп жатқанын хабарлады.


Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, жағдайды бақылауда. 25 техника тартылды. Көрші облыстардан 15 құтқарушы көмекке келді. Қазір өңірдің ең ірі бассейні - Сергеев су қоймасында да судың деңгейі ұлғайып жатыр. Тәулігіне екі сантиметрге көбейген. Тағы 36 сантиметрден кейін өзен суы дамба қырынан асып түседі", - деді Рамиль Камалов.

А. Құрманкин 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 00:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31