Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Солтүстік Қазақстанда ірі қара қырылып жатыр

02 тамыз 2021, 21:49

Солтүстік Қазақстандағы Уәлиханов ауданында ірі қара белгісіз дерттен қырылып жатыр. Күні бүгінге дейін 13 мал өлген.  Оның дені - бұзау.

 

Тұрғындар малдың ауылдан бірнеше шақырым жерде жайылғаның айтады. Кешке   өрістен келген соң сиырлар ауырған.   Артынша бірінен соң бірі өле бастапты.

 

Оқиға орнына барған ветеринарлар сараптама алып, зертханаға жіберген. Әзірге қорытындысы жарияланған жоқ.

 

Сала мамандары бұл бұзауларға түрлі вирусқа қарсы екпе жасалмағанын айтады. Себебі, олар көктемгі науқанға ілікпей қалыпты.

 

Жалпы, жыл басынан бері 135 мың ірі қараға екпе салынған. Жыл соңына дейін тағы 96 мың малды егу жоспарланып отыр.

 

Қайырлы ҚАЗАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 

– Басқармаға Уалиханов ауданы Мортық ауылының маңындағы жайылымда мал қырылып жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Бірден біздің мамандар оқиға орынына жетіп, тексеріс жүргізді. Өлген малың барлығы- бұзау. Сынама негізінде мал өлгеннен кейін 2-3 сағаттың көлемінде алу керек. Әйтпесе кеш болады. Болжам бойынша бұзаулар шөптен уланған немесе пастереллез ауруына шалдыққан болуы мүмкін.

 

 

 

astanatv.kz