Мәселе

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

  • © Sputnik / Елена Бережная

    © Sputnik / Елена Бережная

Петропавл маңындағы Челябі – Новосібір халықаралық маңызы бар тасжолының учаскесі тасқын сулар салдарынан жабылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

 

"Челябі – Новосібір тас жолының 528-ші шақырымындағы жол Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және оның жол арнасынан асып кетуіне байланысты жабық. Заречный кенті арқылы айналма жол бар", - деп хабарлады әкімдік.

 

Сонымен қатар Қазгидрометтің облыстық филиалы өзендегі су деңгейінің одан әрі көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жариялады.

 

"Петропавлдағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Су деңгейі қауіпті белгіге жақындап келеді. 25 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша нақты көрсеткіш 982 сантиметрді құрайды (қауіпті белгінің 98%-і). Қауіпті деңгей – 1004 сантиметр. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Сондықтан су қауіпті деңгейінен асып кетуі мүмкін", - деп ескертті Қазгидромет.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30