Мәселе

"Сондай жағдайға жеттік": Батыс Қазақстанда әкімдердің әйелдері наразылық білдірді

  • © REUTERS / YVES HERMAN

    © REUTERS / YVES HERMAN

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті. Ал қалған әкімдер жалақысын осындай орынсыз шығынға жұмсауға мәжбүр. Бұл туралы "Ақжайық – адалдық алаңы" жобасының басшысы Әлия Салиева мәлімдеді.

Оның сөзінше, ауылға іссапармен келген шенеуніктерге көл-көсір дастарқан жайылады. Бұл аздай, олардың көлігіне қой салып, тіпті соғымын әперу де облыстың барлық ауданында бейресми дәстүрге айналған. Шектен тыс қонақжайлықтың кесірінен енді ауылдық округ әкімдері айлығын шайлығына жеткізе алмай отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Қазір ауыл әкімдерінің жалақысы 140-160 мың теңге аралығында. Мұндай шығынға әкімдердің өздері ғана емес, әйелдері де наразы. Енді қызмет бабымен ауылға барған лауазымдыларға біреудің үйінен тамақ ішіп, кәсіпкерлерге салмақ салуға тыйым салынады. Яғни, ішер тамағы мен жатар орнының ақысын өз қалтасынан төлеуі тиіс. Әйтпесе олармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті айналыспақ.

"Округ әкімдерінен не ақша жинайды, не тамақ сұрайды. Яғни, қой сұрайды, әлде соғым талап ететін көрінеді. Ал олар кәсіпкерлерден көмектесіп жібер деп сұрайды екен. "Бір сұраймыз, екі сұраймыз. Үшінші, төртінші рет өзіміз қалтамыздағы айлық жалақыны жұмсаймыз" дейді. Әйелдері "Біз мамыр айынан күзге дейін біз жолдастарымыздың айлық жалақысын көрмейміз. Сондай жағдайға жеттік" деп отыр", - дейді "Ақжайық – адалдық алаңы" жобасының басшысы Әлия Салиева.

 sputnik




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31