Соңғы 100 жылда болған ең жойқын 10 зілзала

Соңғы 100 жылда болған ең жойқын 10 зілзала

Кеше Жерорта теңізі аумағында орын алған ірі жер сілкінісі салдарынан Түркия мен Сирияда 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам зардап шекті. Зілзала Израиль, Ливан, Иордания, Ирак, Қазақстан, Пәкістан, Кипр елдерінде және армян-грузин шекарасында сезілген. Бұл апат соңғы жылдардағы ең жойқын әрі адам шығыны көп жер сілкінісі ретінде тіркеліп отыр.

Осы орайда біз соңғы ғасырдағы ең орасан 10 жер сілкінісін бір еске түсіруді жөн көрдік.

Таншань зілзаласы, Қытай

1976 жылы 28 шілдеде Қытайдың Таншань қаласында болған жел сілкінісінің қуаты 7,8 баллды құрады. Алғашқы сілкіністен кейін-ақ қаладағы құрылыстардың 90% қирап, 242 419 адам қаза тапты. Ресми емес деректер бойынша 655 мың адам өлген. Осынша көп адам шығыны болуы зілзаланың түнде орын алуымен байланысты екені айтылады. Апат басталғанда барлық адам ұйқыда жатқан болатын.

2. Гаити зілзаласы.

2010 жылы 12 қаңтарда Гаити Республикасында орын алған зілзала 222 570 адамның өмірін жалмады. 311 мыңнан астам адам жарақат алды. 869 адам із-түзсіз жоғалған. Зілзаладан келген шығын – 5,6 миллиард евро.

3. Токио зілзаласы

Осыдан тура 100 жыл бұрын, 1923 жылдың 1 қыркүйек күні жапонның Канто аймағында болған аса ірі жер сілкінісі Токио және Йокогама қалаларын жермен жексен етті. Қаза тапқан адамдар саны 174 мыңнан асты. 542 мың адам жоғалды. Жалпы зардап шеккендер саны – 4 миллион адам. 381 мың үй-жай мен құрылыс қирады.

4. Үнді мұхитындағы зілзала

2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитында Суматра аралына жақын жерде болған жер сілкінісі шамамен 228 мыңнан 300 мыңға дейін адам өмірін қиды. Бұл адамзат тарихындағы ең ірі үш зілзаланың бірі саналады. Одан әсіресе Индонезия қатты зардап шекті. Су астында болған жер сілкінісі салдарынан цунами пайда болып, 14 мемлекеттің жағалауын талқандады. Тіпті зілзала болған жерден 7 мың шақырым қашықтықта жатқан Оңтүстік Африка Республикасының Порт-Элизабет қаласына да жетті. Ал ең жақын жердегі Суматра аралына жеткен цунамидің биіктігі 20 метрден асты.

5. Чили зілзаласы

1960 жылы 22 мамырда «Ұлы Чили зілзаласы» деп аталатын табиғат апаты орын алды. Магнитудасы 9,5 баллды құраған жер сілкінісі 200 мың шаршы шақырым аумақты қамтыды. Салдарынан биікті 10 метрден асатын цунами туындады.

Бұл зілзала Чилидің халық аз қоныстанған аумағында орын алғандықтан адам шығыны жоғарыдағы алапат апаттармен салыстырғанда көп болған жоқ. Дегенмен 6,5 мың адамның өмірін қиды.

6. Хонсю зілзаласы

2011 жылдың 11 наурыз күні болған табиғат апаты жапон тарихындағы ең ірі зілзала саналады. Оның магнитудасы 9,1 баллды құрады. Ресми деректер бойынша 5 мың адам қайтыс болған, бірақ бұл нақты дерек емес.

7. Кветта зілзаласы

1936 жылы Пәкістанда болған зілзала салдарынан 40 мың адам қаза тапты. Келген шығын 25 миллион АҚШ долларын құрады.

8. Чимботе зілзаласы

1970 жылы Перудің Чимботе қаласында болған зілзала 7,7 баллды құрап, 67 мың адамның өмірін жалмады. 550 миллион доллар шығын келді.

9. Сычуань зілзаласы

2008 жылы 12 мамырда Қытайдың Сычуань провинциясында болған зілзаланың қуаты 8 баллды құрады. 68 мың адам қаза тауып, 20 миллиард доллардан астам шығын келді.

10. Спитак зілзаласы

1988 жылы 7 желтоқсанда Арменияда болған жер сілкінісі Спитак қаласы мен 58 ауылды жермен жексен етті. 25 мың адам қаза тауып, 514 мың адам баспанасыз қалды. 14 миллиард доллардан астам шығын келді.

Kazislam.kz порталы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста