Мәселе

Соңғы екі айда 20 мың өзбек азаматы шекарадан өткен

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Карантин талаптарына сәйкес Қазақстан Өзбекстан азаматтарын шекарадан өткізе алмайды, хабарлайды «Хабар 24».

 

Олар өз елдеріне тек өзбек дипломаттарының көмегімен, арнайы автобустар немесе пойызбен жете алады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

 

Оның айтуынша, қыркүйек, қазан айларында Қазақстан арқылы 20 мыңға жуық Өзбекстан азаматы өз еліне жеткізілді. Коронавирус індеті басталғалы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының өз елдеріне қайтуына көмек көрсетіп келеді.

 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

 

- Қазіргі таңда «Ресей Федерациясы мен Қазақстан шекарасында біраз өзбек азаматтары жиналды» деген ақпарат келіп түсіп жатыр. Бұл туралы бізге Өзбек тарапынан ешқандай өтініш әлі келіп түскен жоқ. Қолда бар ақапаратқа сәйкес бұл азаматтар өздерінің жеке көліктерімен Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жетпекші. Бірақ карантин талаптарына сәйкес ондай мүмкіншілік бере алмаймыз. Егер олар өз елдеріне жетемін десе, тек қана өзбек диплопаттарының көмегімен арнайы автобустармен немесе пойызбен жете алады.

 

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 08:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30