Мәселе

Соңғы екі күнде Жітіқара түрмесінің 25 қызметкері коронавирус жұқтырды

  • Соңғы екі күнде Жітіқара түрмесінің 25 қызметкері коронавирус жұқтырды

    Соңғы екі күнде Жітіқара түрмесінің 25 қызметкері коронавирус жұқтырды

Олардың барлығы «Қара бүркіт» деп аталатын қатал режимдегі колонияда қызмет етеді.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында соңғы екі күнде 25 адамнан COVID-19 індеті анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы «Қара бүркіт» деп аталатын қатал режимдегі колонияда қызмет етеді. Олар бұған дейін коронавирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болған. Соңғы екі апта казармалық жағдай болғандықтан, олардың ешқайсысы қалаға шықпаған.

Қазіргі кезде ауруға шалдыққан түрме қызметкерлері Жітіқара қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Екі күннің ішінде түзеу мекемесіндегі 203 қызметкердің барлығы медициналық тексерістен өткен.

«Карантиндік іс-шаралар барысында қызметкерлер мен сотталғандардың арасында байланыс барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жүргізіліп жатыр қазір. 100 пайыз тест алдық қызметкерлерден. Теріс тест нәтижесі бар қызметкерлер үй карантиніне жіберілді», - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Асқар Әлмағанбет. 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 05:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30