Мәселе

Сот Марғұлан Сейсембайды Мұхтар Тайжанға 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Марғұлан Сейсамбай заң бойынша Мұхтар Тайжанға 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді деп жазады stan.kz.

 

Бұл туралы Мұхтар Тайжан парақшасында хабарлады.

 

"Марғұлан Сейсембайдың менен кешірім сұраған сәті Facebook пен Instagram желісінде жарияланады. Егер, әрине, апелляция басқаша шешпесе. Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы Жамиля Арстанова менің Марғұлан Сейсембаевқа қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, сондай-ақ мен және менің отбасым туралы шындыққа сәйкес келмейтін және менің абыройыма нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығару туралы менің талабым бойынша шешім қабылдағанын жариялады.

Марғұлан Сейсембаев Facebook пен Instagram-дағы өз парақшасында көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар, маған 5 миллион теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелді.

Біз 5 жұмыс күнінде шешім мәтінін аламыз, содан кейін мен оны желіде жариялаймын. Менің соңғы шешімім көңіліме қонды ма, жоқ па, оны кейін шығарамын", - деп жазды Тайжан.

 

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Марғұлан Сейсембай саясаткер Мұхтар Тайжанды "билікте отырып, көлеңкелі жолмен ақша тауып отырсың, арың шыдаса, пайда көзін жұртқа жария ет" деп айтқан болатын. Өз кезегінде Тайжан оған жауап ретінде жазба қалдырды.

 

Даудың басы Марғұлан Сейсембайдың жақтастары Мұхтар Тайжанға неліктен оны қорғамайсыз деп хат жолдағаны түрткі болған. Тайжан мен ешқашан да халық ақшасын жымқырды деп айыпталған азаматты қорғай алмаймын деп қайырыпты. Бұған шыдамаған Сейсембай өзінің әріптесінің бірқатар кемшіліктерін бетіне басыпты.

 

 

 




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 01:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28