Мәселе

Сот орындаушысын соққыға жыққан алматылық енді оны сотқа берді

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Алматылық Максот Ысқақов жеке сот орындаушы Әділ Ермековті сотқа берді. Ол сот орындаушының әрекетін заңсыз деп тануды сұрап отыр.

 

"Өтініш 11 қазан күні сотқа түсті. Алдын ала тыңдалым 5 қарашаға белгіленді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы сотының баспасөз қызметі.

 

 

Ведомствода іс әкімшілік сотта хабарланатынын дәлелдеді.

 

Еске сала кетері, қазан айының басында Алматы қаласында жапсарлас салынған үйді бұзуға келген сот орындаушысын баспана иесі ұрып тастады.

 

Ресми мәліметке сәйкес, Бостандық ауданының соты Виноградная көшесіндегі жеке меншік үйге жапсарлас салынған құрылысты бұзуға шешім шығарған. Себебі ол нысан дұрыс салынбай, бір жаққа қарай қисайып кеткен. Көрші үйге құлау қаупі бар. Бірақ иесі заңсыз салынған үй-жайды өз күшімен бұзбай қойды. 4 қазанда сот орындаушысы екі полицеймен бірге шешімді орындауға барған. Сол кезде соққыға жығылды.

 

 

Кейін сот орындаушы видео жариялап, жәбірлеушіні "түрмеге қамайтынын" айтты. Ал полицейлер болса, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін сот орындаушысына айыппұл салды.

 

Сот орындаушысын ұрған Мақсот Ысқақов сот шешімін орындауға он адам келгенін жеткізді. Сот орындаушысы оған боғауыз айтқан. Содан шыдай алмай, бауырдан бір ұрған.

 

Алматыдағы трагедия

 

20 қыркүйек кешке Алматының Алатау ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан бес адам – екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы оққа ұшты. Бесеуі де сол жерде қайтыс болды. Оларға оқ атқан - Игорь Дужнов. Ол қазір қазір қамауда отыр.

 

1967 жылғы күдікті басқа адамға сатылған баспанасын босатудан бас тартқан.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31