Мәселе

Сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды (видео)

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«26 шілде күні әлеуметтік желілерде Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесіне тиесілі 155/8 мекемесінде жәбір көрген сотталушылардың видеосы тараған болатын. Осыған байланысты бұл материалдардың барлығын жіті зерттеп, оның расымен де сотталушыларға мекеме қызметкерлерінің тарапынан қандай да бір күш қолданылғанын көріп шығып, осы материалдарды облыстық прокуратураға жолдадық», - деді ресми өкіл министрлікте өткен брифингте.


Оның сөзіне қарағанда, Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша осы мәселіні егжей-тегжейлі тексеру үшін жедел түрде қылмыстық-атқару жүйесінде арнайы комиссия құрылды.


«Бұл тұрғыда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен Алматы облысына өкілдер жіберілді. 29 шілдеде тәртіптік комиссияның нәтижесі бойынша, 14 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жетеуі қызметінен босатылды. ЛА-155/8 мекемесі басшының екі орынбасары жұмыстан қуылды, сондай-ақ мекеме басшысы орнынан босады», - деді Н. Ораз. Н.


Ораз осындай заңсыздықтарды болдырмауға қатысты Ішкі істер министрлігі тарапынан нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.






Көрілген: 406    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31