Мәселе

Сотталушы неліктен адамдардың кесілген басымен суретке түскенін айтты

  • Сотталушы неліктен адамдардың кесілген басымен суретке түскенін айтты

    Сотталушы неліктен адамдардың кесілген басымен суретке түскенін айтты

«Жусан» арнайы операциясының аясында Сириядан Қазақстанға оралған қазақстандық азамат неліктен адамдардың кесілген басымен суретке түскенін түсіндірді. Ол сот отырысы кезінде сұмдық мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.


Сириядан Қазақстанға оралған 14 сотталушының ішінде бірінші болып Аманжол Жансеңгіров (лақап есімі – Абдулхафиз – ред.) жауап берді.


«Іс материалдарында сіздің адамдардың кесілген басының жанында түскен суретіңіз бар. Бұл туралы не айтасыз?» - деп сұрады мемлекеттік айыптаушы сотталушыдан.


«Қарулы қақтығыстардан біраз уақыт өткеннен кейін 7-8 адамның мәйітін алып келді. «Ислам мемлекетінің» өз саясаты бар: адамның басын кесіп, лақтыру. Есімде бары, бір топ адам тұрды. Мен олардың жанына бардым. Ол адамдар суретке түсе бастады. Маған видеоға түсуім керектігін айтып, бұйрық берді. Сонда: «Не үшін?» - деп сұрадым. «Абдулхафиз, мен сенің әміріңмін. Мені тыңдауың керек», - деп жауап берді. Мұнан кейін әмір бастың үстіне аяғымды қойып, қолымды көтеруімді бұйырды», - дейді Жансеңгіров.


Сонымен қатар ол өзінде қару болғанын растады.


«Алайда мен материалдарды ғаламторда жарияламадым. Мені телефонның камерасына түсіріп алып, артынша өшіруге уәде етті. Әмірдің бұйрығы – заң. «Тұр» десе тұрып, «жат» десе жатасың», - дейді сотталушы.


Ер адам 2013 жылы әйелі мен балаларының Қазақстанға қайтып оралғысы келгенін айтты. Алайда ол рұқсат бермеген.


1986 жылғы Аманжол Жансеңгіров 2011 жылы Ауғанстанға аттанған. Айыптау нұсқасы бойынша, ол 2013 жылы ДАИШ құрамында соғысу үшін Сирияға жетіп, «қазақ жамағатының» қатарына енген.


Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот тыңдалымы басталды. Айыптау нұсқасы бойынша, олар Ислам мемлекетінің бұрынғы жауынгерлері болып табылады. Сотталушылар лаңкестік жасауға қатысты, лаңкестікке тартып, насихаттады, сонымен қатар басқа ла ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде.


Сот тыңдалымында мемлекеттік айыптаушы айыптау актін оқып, жантүршігерлік мәліметтерді жеткізді. Онда Сириядан оралған қазақстандық екі азаматтың 4 адамның басын кесіп өлтіруге қатысы бар деп күдіктеліп отырғаны айтылған. Тіпті, бірі адамдардың басының жанында суретке түскен. 




Көрілген: 1361    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 09:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30