Мәселе

Сотты болған білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды

  • © Photo : СЦК

    © Photo : СЦК

Эльмира Суханбердиеваның әріптестері мен блогерлер бұрынғы вице-министрдің кенже ұлы қайтыс болғанын хабарлады.


"Достар, жазу өте қиын. Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды. Ілияс оның ең сүйікті баласы болатын. Отбасының басына қанша қиындық туды. Ең ауыры - жақындардан, баладан айырылу. Мұны қабылдай алар емеспіз", - деп жазды өзінің Facebook парақшасында Суханбердиеваның бұрынғы кеңесшісі Майраш Тәйкенова.


Блогер және журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желілерде баланың үйдегі бассейнге батып кеткенін хабарлады.


Эльмира Суханбердиеваның ісі


2019 жылдың 10 шілдесінде Эльмира Суханбердиева мемлекеттік мектепте жекеменшік білім беру мекемесін ашып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бөлек, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, министрлікке қарасты мекемелерге айфондар мен планшеттерді алдыртқаны бар. Осы қылмыстар үшін оған 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Суханбердиева сот отырысында 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алған болатын.


Отырыстың басында судья Бақытжан Есенов сотқа қатысушылардың барлық жеке мәліметін жазып алды.


Эльмира Суханбердиевадан отбасы жайлы сұрағанда төрт баласы бар екенін айтты. Үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те.


Осы кезде вице-министр көз жасына ерік берді. Ал оның қорғаушысы Айгүл Әміренова оған қағаз майлықты ұсынды.


Sputnik


 




Көрілген: 756    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31