Мәселе

Студенттер үшін жолақы 20 теңге болады

  • https://informburo.kz

    https://informburo.kz

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Петропавл қалаларындағы студенттер қоғамдық көлікте жолақыға 20 теңге төлейді, деп хабарлайды qamshy.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфоға сілтеме жасап.


Жолақы жеңілдігі SMS арқылы және "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасында QR арқылы төлегенде беріледі. "Жаңа оқу жылының қарсаңында біз студенттік тарифті жаңартуды шештік. Қоғамдық көлікте он рет тегін жүру мүмкіндігінің орнына жолақыны арзандаттық, енді жолақы небәрі 20 теңге. Әзірше арнайы баға тек төрт қалада бар, бірақ жақын уақытта бұл сан екі есе көбейеді", – деп пікір білдірді Beeline Қазақстан өкілі.


Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Петропавл қалаларында жолақыны төлеу үшін автобус ішіндегі жапсырмада көрсетілген көлік кодын 2505 қысқа нөміріне SMS арқылы жіберу керек. Немесе салондағы жапсырмада көрсетілген QR-кодты "Менің Beeline-ым" мобильді қосымшасында сканерлеу қажет. Ал Алматыда ОҢАЙ терминалының экранында көрсетілген алты мәнді кодты 9909 нөміріне жіберу керек. Жауап ретінде SMS билет келеді, оны тиісті жеріңізге жеткенше сақтау қажет. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жолақыны барлық автобус пен троллейбуста төлеуге болады.


 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 22:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30