Мәселе

Су тапшылығы: Алматыдағы көп қабатты үйлердің аулаларына биоәжетхана қойылған

  • Су тапшылығы: Алматыдағы көп қабатты үйлердің аулаларына биоәжетхана қойылған

    Су тапшылығы: Алматыдағы көп қабатты үйлердің аулаларына биоәжетхана қойылған

Шалғайдағы ауыл-аймақ тұрмақ Алматының Ақжар ықшам ауданындағы көп қабатты үйлерде су жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдай жыл сайын көктем-күз мезгілдерінде қайталанады. Себебі, жауын-шашын көп болғандықтан құбырдағы су лайланып кетеді. Жергілікті билік, тұрғындарға ауыз суды көлікпен жеткізіп, аулаларға биоәжетханалар қойып беріпті. «XXI ғасырда осылай өмір сүріп жатқанымыз жанымызға батады», - дейді тұрғындар.

Күлжан Рахымбердиева Ақжарда 1989 жылдан бері тұрады. Үйінде баласы, келіні және 3 немересі бар. Зейнеткер «ауыз судың азабы әбден батты», дейді. Көбіне құбырдан лас су ағады. Кейде ол да жоқ. Тұрғындардың шағымынан кейін жергілікті билік бүгін су берген. «Сыздықтап аққан судан, үйдегі бар ыдысты толтырып алдым», - дейді Күлжан апа.

Күлжан Рахымбердиева, «Ақжар» ықшам ауданының тұрғыны: - Қаскелеңге қарадық. Күзде көктемде бізде су сарғыш болып ағады, қара болып ағады, көк ала болып ағады. Ішінде түрлі-түрлі нәрселер бар, құрт құмырсқа да аға береді. Таудан тура келеді, сол үшін сондай дейді. Қала болып жетістік деп едік, қала тұрмақ, даладан да жаман болып қалды. Ауылда жақсы, артезиандық су бар тап-таза.

Ақжар 7 жыл бұрын қала аумағына қосылған. Дегенмен, қазір су мәселесін шешуде жергілікті билік те дәрменсіз. Бар болғаны, тұрғындарға көлікпен тіршілік нәрін жеткізіп, аулаларға биоәжетхана қойып берген. «Алайда, су тасығыш көлікпен әкелінген суды ішу мүмкін емес», - дейді тұрғындар.

Сергей, ауыл тұрғыны: - Біз адам емес сияқтымыз. Құбырдан лас су ағады. Әкелген суларын қайдан алғандарын білмеймін. Ішу мүмкін емес. Қайнатсақ таза сияқты. Бірақ хлордың иісі шығады.

«Ақсай өзеніне су сүзгі орнатылып, құбыр ауыстырылмай, жағдай өзгермейді», - дейді әкімдік өкілдері. Қазір су сүзгіш станция құрылысын бастау үшін Іле Алатауы ұлттық паркінен 16 гектар жерді қала меншігіне өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ су құбырларын жаңарту жоспарланып отыр.

Өркен Қодаров, Наурызбай ауданы қоммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы: - Көктемгі және күзгі мезгілдерде қар еріп, жаңбыр жауған кезде ашық өзендегі водазабор дейміз, содан тікелей алғандықтан, су сүзгіш станциялары бұрынғы 68-70 жылдары салынған, ол қазіргі нормативпен өткізіп үлгермейді. Су лайланады. Лайланған уақытта су толығымен тоқтытылады. Кеше ашылып, бүгінгі таңда су келіп жатыр ауданға.

Алдағы күн жауын-шашынды болады. Демек, су тағы лайлануы мүмкін. «Бұл мәселені түбегейлі шешуге 2 жыл уақыт керек», - дейді мамандар. Оған дейін тұрғындардың су тапшылығына төзуден басқа амалы жоқ. 




Көрілген: 841    Пікірлер: 0

сенбі, 17.04.2021, 00:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31