Мәселе

Су тасқынынан көз ашпаған күнгей

  • Су тасқынынан көз ашпаған күнгей

    Су тасқынынан көз ашпаған күнгей

Тоқтаусыз жауған нөсер Шымкент пен Түркістан облысына қарасты бірнеше ауылдардың астаң-кестеңін шығарды. Әсіресе Елтай ауылы мен Төлеби ауданындағы жағдай қиын – ондаған үйді су шайыа кетті. Кешелі бері тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, ал сел басқан ауылдарда мамандар мен тезника жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды"КТК" арнасы.
Кеше түстен кейін Төле би ауданында басталған нөсер жауыннан таулы аймақтағы өзендердің деңгейі бірден көтерілген. Арықтар мен атыздар, сай-сала бірден суға толған. Тоқтаусыз жауған жаңбырдың сұрапыл болғаны сондай, алғашқы 40 минут ішінде бір айлық мөлшердің жауыны жауған. Табиғаттың тосын құбылысынан жүздеген үйге су кіріп, аудандағы бірнеше көпірді шайып кеткен. Мал шығыны да бар. Құлап жатқан ғимараттар көбейді.

Төле бидегі су кірген алты ауылдың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Бес жыл бұрын ғана Шымкент қаласы аумағына өткен Елтай ауылына келген залал да орасан. Ойпатта орналасқан елді мекеннің сыртында жеті бірдей сай бар. Сол сайларға жиылған су көзді ашып жұмғанша тасқын боп ауылға кірген. Шошынған ел бұл апаттан қашып, аман қалғанына "шүкір" деп отыр.

"Моншаның артының бәрі қирады. Шатыры кетті. Мына жақта төбесінің астындағысының бәрі кетті. Есік алдына тас толып, топалаңы шықты", - дейді Байдулла Жайлауов, Елтай ауылының тұрғыны.

Қазір Елтайда тек ер адамдар ғана қалған. Бала-шаға қауіпсіз жердегі туған-туысқа қонақтауда. Ауыр көліктермен жеткізіліп жатқан әскерилер қайла-күрек ұстап, баспаналарға су келмейтіндей етіп тас құмнан бөгет жасауда. Ал өзенге айналған көшелерге тартылған мамандар мен ауыр техника су арнасын бұрудың амалын жасап жатыр.

Санаулы сағат жауған жауын Елтай ауылының астаң-кестеңін шығарды. Жергілікті қариялардың сөзінше, мұндай топалаң бұл ауылда 53 жыл бұрын, яғни 1967 жылы болған. Ол кезде де екі күн нөсер жаңбырдан ауылдың біраз бөлігі қирапты. Енді сол қайталанбас үшін арнайы техника жоғарыдан келген суды ауыл ішінен қашыратын арық қазып жатыр. Және жеделдетіп бітіруі тиіс. Әйтпесе алдағы апта аса жауынды болады деп күтілуде.

Құтқарушылар үйлерге кірген суды сорғылармен шығарып әуре. Шайылып кетуге аз қалған ауыл жұрты: "Келтірілген шығынның көлемін ойлауға қорқамыз", - дейді.

"Мына үйлерді қарасаңыздар, бәрін су шайып кетті. Бір метрден жоғары болды. Біреудің үйі, біреудің сарайы қирап жатыр. Оны әркім өз-өзіне істеп алады деп айта алмаймын. Үкімет тарапынан көмек болсын деп отырмыз енді", - дейді Досжан Бақытұлы, Елтай ауылының тұрғыны

Нөсер жауыннан Түркістан облысының таулы аймақтары саналатын Қазығұрт пен Бәйдібек аудандары да зардап шекті. Облыста 500-ден астам үйдің ауласына су кірген. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев зардап шеккен аумақтың қалпына келтіруін әр ауданның мойнына бөліп салмақ.

"Әр аудан өзінің секторына материалын әкеп, бригада әкеліп, ауладағы, жаңағы өткен шығындарды өтеуге тырысады. Сіздер көмектесулеріңіз керек. Анау үйлер құлап жатса, бірен-саран, оларды да жөндейтін боламыз", - деді әкім.

Сел мен тасқыннан бүлінген баспаналар мен нысандарға келген шығын есептелетін болады. Жарамсыз үйлер мен нысандарды қайта қалпына келтіру қаншаға созылатынын айту қиын. Сондықтан сел мен тасқыннан қауіпсіз жерге қашып күйлезіліске түскен ел үйіне қашан оралары белгісіз.  




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 07:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30