Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Судья Елбасына хат жазған Ерденаевтың анасынан сотқа қысым жасамауды сұрады

09 қаңтар 2018, 17:31

Алматыда БЖЗҚ қаржысын талан-таражға салғандар ісі бойынша сотта судья экс-төраға Руслан Ерденаевтың анасы жазған арыз бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктінің анасы Елбасына баласын арашалап алу туралы хат жазған.

«Маған Ерденаевтың анасының Елбасына жазған хаты түсті. Кәсіби тұрғыдан білікті адвокат жазған. Осындай хаттың авторларына айтарым, зерттеу біткенше биліктің басында тұрғандарға шағымдануды қоя тұрыңыздар. Бұл сотқа жасалған қысым деп түсінемін. Белгілі бір қылмыстық істі қарау кезінде судья лауазымды тұлғалардың айтқанын емес, заң талабын ғана негізге алу керек. Жоғары тұрған құзырлы органдарға шықсаңыздар кәсіби білікті адвокат ретінде түсіндірулеріңіз керек. Сотқа ондай талап қоймау керек. Осыны ескере жүріңіздер», - деді судья Мартпек Кәкімжанов.

Қазір аталған іс бойынша сот ісі жалғасып жатыр. Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 9 қаңтарында «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бақытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, «Бузгул Аргум» ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған болатын.

Кейінірек аталған іске қатысы бар деген күдікпен «Мегатрансазия» ЖШС директорының орынбасары Т. Тұртаев пен «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Медетбеков қамауға алынған еді.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

Айта кетейік, жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексерген болатын. Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекетін тексеру өткен жылдың 21 желтоқсанынан басталған.