Мәселе

Сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскен ақтөбелік бозбала сотталуы мүмкін

  • http://domkartinok.ru/

    http://domkartinok.ru/

Ақтөбеде Нұрасхан есімді жасөспірім 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болғаны үшін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Смайылова (Таңсәрі) жазды. Оның айтуынша, Нұрасхан мен А. есімді жасөспірім қыз-жігіт болып кездесіп жүрген. Бала 17-де, ал қыз 15 жаста.

Шілде айында екеуі бірге Нұрасханның әжесінің үйіне қашып кеткен. Оларды ата-анасы үйіне қайтарғанымен, жасөспірімдер кейіннен қайта қашып кетеді. Оларды сол күні тапқан бойда қыздың анасы медициналық сараптама жасауды талап етеді.

"16 қыркүйекте Нұрасхан Қылмыстық кодекстің 122-бабы "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды", &ndash делінген жазбада.
Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

18 қыркүйекте Ақтөбенің тергеу соты Нұрасханды екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Балалар үшін заңның қатал болатынын білмеген

Таңсәрінің айтуынша, қыздың анасы сараптаманы талап еткеніне өкініп отыр. Себебі, заңның балаларға қатал болатынын білмеген. Ата-анасы екі жасөспірімнің үйленуіне қарсы емес, алайда бұған заң рұқсат бермейді.

"Заңға қайшы әрекетті көріп отырмыз, бірақ неге тергеу сотына жәберіленуші тарапты шақырмады? Неге қыздың анасына өз пікірін айтуға мүмкіндік бермеді? Неліктен адвокаттар ақша алып, өтініш жазбайды? Айыпталушы тараптың адвокаты ештеңе істеген жоқ. Тіпті, сот шешіміне наразылық білдірмеді. Ол жәбірленуші тарапты сотқа шақыруды неге талап етпеді? Балалар аңғалдығы мен ақымақтығынан ешкімнен ештеңе жасырған жоқ. Олар полиция бөлімшесінде де бір-бірін жақсы көретінін дәлелдеді емес пе? Ал нағыз педофил бәрін соңына дейін жоққа шығарады", &ndash деп жазды Таңсәрі.

Сыбайлас жемқорлық бар болуы мүмкін

Ол бұл істе сыбайлас жемқорлық бар болуы мүмкін екенін де айтты.

"Мүмкін ата-аналар біреуге ақша төлеуден бас тартқан шығар? Қазір қаншама зорлықшы сараптама бойынша қылмысы расталса да бостандықта жүр. Қамқоршылық органдар жасөспірімдерді неге қорғамайды", &ndash деп жазды ол.
Сондай-ақ, Таңсәрі екеуінің келісім бойынша бір-бірімен ересек қарым-қатынасқа түскенін, балалардың жақсы көруді қылмыс деп санамағанын жазды.

"Ересектердің ешқайсысы оларға ерте жыныстық қатынастың салдары туралы, әсіресе мұндай қарым-қатынастың құқықтық сипаты туралы айтқан емес. Өйткені, мектептерде бұл оқытылмайды. Ал ата-аналар үшін бұл ұят болып саналады", &ndash деп жазды Дина Таңсәрі.

 




Көрілген: 1659    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31