Мәселе

Сүйіктісіне несие алып берген астаналық ару алданып қалған

  • https://ru.freepik.com

    https://ru.freepik.com

Есімі жасырын болып қалған бойжеткен бір жігітпен танысып, оны ұнатып қалған. Алайда қыздың сүйіктісі алаяқ болып шыққан жазады astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Кейіпкер өзін сан соқтырған жігітпен басында арада барлығы жақсы болғанын айтады.


Алайда "Арманымдағы жігітті кездестірдім" деп махаббаттан басы айналған ару оған қалай бірнеше миллионға несие алып бергенін білмей қалған.


"Осыдан біраз уақыт бұрын бір жігітпен танысып, ғашық болып қалдым. О баста бәрі жақсы болды. Ол менің арманымдағы жігіт еді. Жүріп жүрген кезде ғашығым оған несие алып беруге көндірді. Оның сөзін жерге тастамайын деп бірнеше миллионға несие алдым. Ол одан кейін маған айтпай тағы микронесие рәсімдеген. Осылайша, сүйіктім алаяқ болып шықты", - дейді бойжеткен.


Арудың сөзінше, ер адам ізін суытып, үшті күйлі жоғалмаған. Дегенмен қыздың басындағы 6 несиені жабуға асықпай отыр екен. Тығырыққа тірелген бойжеткен енді қалай әрекет етерін білмей дал болыпты.


"Маған қолхат жазып берді, қашып та кеткен жоқ. "Өзім жабамын" дейді. Бірақ жуырда оның бұған дейін сотты болғанын, қарыздарының шаш-етектен екенін білдім. Туыс-туғандары да одан бас тартыпты.

Арыздансам, оны түрмеге қайта тоғытуы мүмкін. Бірақ менің басымда 6 несие. Банктен күнде қоңырау шалады. Енді не істерімді білмеймін. Жігітім телефоны мен алтындарымды алып кетті. Қолымда ештеңе қалған жоқ, тұрып жатқан пәтерімнен де шығарып жіберді", - дейді ару.


 




Көрілген: 1023    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30