Мәселе

Сүйіктісінің пәк екенін анықтау үшін гинекологқа жүгінетін жігіттер көбейген

  • © profilaktika.tomsk.ru

    © profilaktika.tomsk.ru

Елордалық жігіттер болашақ жарының пәк екеніне сенімді болу үшін, оларды гинекологқа сүйреп апаратын болған. Мамандар соңғы жылдары мұндай жағдайлардың жиілеп кеткенін алға тартуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Мамандардың айтуынша, ер-азаматтар әсіресе жасы келген қыздарды гинекологқа мәжбүрлеп әкеледі екен.


"Қазір үйленбестен бұрын, ерлер де, әйелдер де жоспарлы түрде денсаулықтарын тексеретін болған және жас жұптардың көпшілігі өмірге бала әкелу мәселесіне де жауапты қарайды. Бірақ кей жағдайда пәктікті тексерту үшін де, қыздарымен бірге әдейі келетін жігіттер болады. Тіпті, осында қыздарын мәжбүрлеп, сүйреп әкелетін жағдайлар да болған. Әсіресе ер адамдар жасы келген қыздарға көп сенбейді. Бәлкім үлкен қыздардың таза екеніне күмәнмен қарайтын шығар. Өкініштісі ондай жігіттер қазір көп", - дейді маман.


Маман сонымен бірге пәктігін қалпына келтіруге келетін арулардың саны да көбейіп келе жатқандығын жеткізді.


"Пәктікті қалпына келтіру – бізде кездесетін ең көп жағдай. Жап-жас қыздар алданып қалғандықтарын, енді тұрмысқа таза күйінде шығу қажеттігін айтып, қыздықтарын жасатып алады. Біз ешкімнің жеке өміріне араласа алмаймыз. Дәрігер болған соң, науқастар солай сұрап отырғаннан кейін, олардың қалауын орындаймыз", - дейді маман. 




Көрілген: 1055    Пікірлер: 0

жұма, 05.04.2019, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31