Мәселе

Сыбайлас жемқорлықпен күресетіндердің қылығы мен былығы

  • Сыбайлас жемқорлықпен күресетіндердің қылығы мен былығы

    Сыбайлас жемқорлықпен күресетіндердің қылығы мен былығы

Жақында ғана Атырау обылысының Резерват аумағында қызмет бабын пайдаланып, демалыс ұйымдастырып, ойын-сауық құрып жүрген «табиғат жанашырлары»- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті бастығы Н. М. Сапаров пен оның орынбасары М.Н Уайсов полиция қызметкерлерімен әшкереленіп, әлеуметтік желі арқылы республикаға жария етілген болатын.


Бірақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Орталық аппараты қызметкерлері осы деректерді бұрмалап , яғни «бұл Резерваттың тас жолы емес, «Бекіре-2019» арнайы шара уақытына жатпайды , оқиға жұмыс уақытынан тыс кезеңде болған» деген желеуінің арқасында аңшы-балықшы шенеуніктер заңсыз әрекеттерінен оңай кұтылыпты. М. Н. Уайсовты лауазымынан босатып, бастығы Н. М. Сапаровқа жай ғана "қатаң сөгіс" жариялаған екен. Осыған қарағанда орталық аппараттың ерекше қорғалатын аймақта аңшылық пен балық аулауға мүлдем тыйым салынған екенінен бейхабар болған болу керек деген ой туады.


1-ші ден, Бұл аймақта тек «Бекіре-2019» арнайы жоспары кезінде ғана емес, жалпы жыл бойы аңшылық құру немесе балық аулауға тыйым салынған және ол үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік көзделген. (ҚР Қылмыстық Кодексі 335-бабының 3-бөлімі «балық ресурстарын, баска да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» немесе 337-баптың 4-бөлімі «Заңсыз аңшылық»)

Өйткені, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше корғалатын аймақ болып табылады. Онда Қызыл Кітапқа енгізілген әлемде ең сирек кездесетін өсімдіктердің 250 түрі, құрып бара жаткан «Бекіре» тұқымдас балықтар мен 20-дан астам кұс, 24 жәндіктердің түрлері сақталған.


Мемлекеттік шенеуніктер мен ұйымдасқан топтар тарапынан орын алатын «Бекіре» тұқымдас балықтардың контрабандасымен күресу Сыбайлас жемқорлық Департаментінің тікелей міндеті болып табылатынын ұмытып, бұл шенуліктер осы қорғалатын аймақта өздері қылмыс жасап жүрген сияқты.


2-ші, Бейнежазбада оқиға Резерват жолында екені анық көрініп тұр, оның үстіне арнайы аңшылық-балық аулауға ыңғайлы киімдермен жабдықталып, киім киген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері өздерінің «олжаларын» жасырып, жауапкершіліктен қашу мақсатында, автокөлік жүк салғышын көрсетпей, полиция қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіріп және оларды қорқытып тұр.

(ҚР Қылмыстык Кодексі 362-бабы «қызмет бабын асыра пайдалану»).


3-ші. «Құқық қорғау органдары қызметі туралы» ҚР Заңының 54-бабының 2-бөлімінде «құқық қорғау органы басшысы және уәкілетті басшы өзінің бағыныстылары арасындағы қызметтік тәртіптің жай-күйі үшін жауап беретіні» көзделген.


Осыдан кейін, аталған департамент басшысы Н. М. Сапаров өз қызметін Атырау облысында жалғастыруға заңдық және моральдық құқығы бар ма деген сұрақ туындайды.


Тіпті, Н. М.Сапаров басшылық ету кезінде

«Бекіре» тұқымдас балықтарды заңсыз аулау бойынша Департамент тарапынан мүлдем анықталмаған және ондай қылмыстардың анықталмайтыны да айдан анық. Өйткені өздері сол ерекше қорғалатын аймақта сайраңдап жүргендеріне қарағанда.

Ал, «Қара базар» нарығында «Бекіре» тұқымдас балықтардың, қара уылдырықтың заңсыз көлеңкелі айналымы, сондай-ақ оған қамқоршылық етуші мемлекеттік шенеуніктер мен құқық қорғау қызметкерлері екені Атыраулықтар үшін жаңалық емес.


Департамент басшысы Н. М. Сапаров осы өңірде Сыбайлас жемқорлық қызметін басқаруды жалғастырса, полиция қызметкерлері қудаланып, оларға қарымта жауап жалғасатын болады деген негізді ой туғызатын қауіпі тағы да бар екені рас


"Бір құмалақ- бір қарын майды шірітеді" деген осы. Өздері заңды белшесінен басып бұзып жүрсе, басқалары қайтеді?! Осы жағдай бойынша Президент әкімшілігі мен Бас Прокуратура айтылған оқиғаға бей-жай қарамай істі қайта қарап, басшысын да қатал жазалау керек.


Bek Hanbolat

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 999    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 18:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30