Мәселе

Сырдарияда соңғы жеті жылда болмаған 70 сантиметрлік мұз тұтасып тұр

  • https://24.kz

    https://24.kz

Қызылорда облысында алдағы сең жүру кезеңіне дайындық басталып кетті. Қыс ерте түсіп, аязды ауа райы сақталғандықтан Сырдарияда соңғы 7 жылда болмаған 70 сантиметрлік мұз тұтасып тұр.

 

Сала мамандары шамамен наурыздың басында сірескен мұздың көбесі сөгіледі деп болжайды. Төтенше жағдай қызметі осыған байланысты жаттығуларын бастап кетті.

 

Соңғы 3 жылда Сырдарияның теңізге құяр сағасы ғана ұстасып, өзеннің оңтүстік аудандардағы бөлігінде мүлде мұз қатпаған еді. Ал қазір Жаңақорғаннан Аралға дейінгі аралық толық сіресіп тұр. Дария бастауынан мол су келемін дегенше қалың мұз ерімесе аймақ үшін қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

 

Сондықтан судың жолын ертерек аршып қойған жөн. Тактикалық жаттығу жиынына жүзден астам құтқарушы мен 20 шақты техника жұмылдырылды. Әуелі «Қазавиақұтқару» мекемесінің жасағы мұз құрсауында қалған балықшыларды әуеден келіп алып шықты.

 

Кинологтар мен із кесушілер жоғалғандарды түгендеп, қауіпсіз жерге шығарып болғасын су тасқынын болдырмау шараларына кірісті.

 

Бақыт Ембергенов, жедел құтқару жасағының басшысы:

 

- Тікұшақтар бар бізде Еврокоптер және МИ-8. Сонымен қатар ауамен көтеріліп жүретін аппарат пен қайықтарымыз бар. Және де қармен жүретін техника бар. Мұздың үстінде пегаспен суда да, мұзда да тоқтамай жүре береді.   

 

Жалпы Сырдарияның 56 тұсында су жырып кету қаупі жоғары. Сондықтан тәулік бойы мониторинг жүргізетін 10 гидробекет қойылып, бөгеттерді нығайтуға қажет инертті материалдар жеткізілді.

 

Саид Молдақараев, облыс бойынша ТЖД бастығының орынбасары:

 

- Шардара су қоймасынан секундына 550 текше метр түсіп жатыр төмен қарай. Оның Көксарай су реттегіші 300 текше метрін алып қалып, өзен бойымен Қызылордаға 280 текше метр су кіріп жатыр қазір. Мұз облыс шекарасынан 80 метр төмен қарай түсті. Қызылорда су торабынан 450 шақырым қашықтықта. 

 

Өзендегі су деңгейі қазір қалыпты. Дегенмен, соңғы шолу барысында шұғыл қалпына келтіруді қажет ететін ұзындығы 3 шақырымдық 3 нысан анықталып отыр. Сондықтан су тасқынының алдын алу шараларын күшейту қажет.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 2939    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30