Мәселе

"Сыртқы шыққанда айқайлап ұрысты": Қаңғып қалған 6 бала әкесінің бағдарламадан кейін "ғайып" болғанын айтты

  • "Сыртқы шыққанда айқайлап ұрысты": Қаңғып қалған 6 бала әкесінің бағдарламадан кейін "ғайып" болғанын айтты

Аналары қайтыс болғаннан кейін қаңғып қалған алты бала әкелерімен бірге тұрғысы келмейді. Өйткені қыздары мен ұлын әкесі тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қыздардың айтуынша, әкелері бағдарлама барысында ел алдында кешірім сұрағанымен, кейіннен өзгеріп шыға келіпті.


«Әкемізді кешірдік. Бірақ ол бізбен енді тұрғысы келмейді. Ол кісі өзгермейді. Ел алдында өзін жақсы көрсетті. Бірақ сыртқа шыққанда бізге келіп айғайлап, кінәлап ұрсып кетті. Басқа ештеңе істемеді. Содан кейін көрген жоқпыз. Қазір қайда екенін білмейміз», – дейді қыздар.


Қыздар ендігіде әкелерімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Ал әкелерінің әпкесінде қалған сіңлілерін қыздар өз қолдарына алған. Өйткені Альфияны туыс әпкесі ауыр жұмысқа жегіп, қинаған көрінеді.


Қазіргі уақытта қыздарды әкімшілік жаңа пәтерге көшіріп, балаларды мектепке орналастырған. Алдағы уақытта көмектесіп тұратындарын айтты.




Көрілген: 1115    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 12:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31