Мәселе

Сыртынан жауып кеткен: Алматыда бір үйдің бес баласы қоғамдық моншада уланып қалды

  • Сыртынан жауып кеткен: Алматыда бір үйдің бес баласы қоғамдық моншада уланып қалды

    Сыртынан жауып кеткен: Алматыда бір үйдің бес баласы қоғамдық моншада уланып қалды

Қоғамдық моншаға барған алматылық отбасы қайғылы жағдайға тап болды. Бес бала иіс тиіп уланды.

Бес баланың әкесінің айтуынша, моншада балалардың басы айналып, жүрегі айныған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

 
«Олар төлемді 100 метр қашықтықтағы дүкенде қабылдайды. Содан кейін монша иесі бізді сыртымыздан жауып тастады. Бір сағат өтпей жатып - баламның басы айнала бастады. Содан кейін басқа балалар мен әйелім ауыра бастады, мен есікті аш деп айқайлай бастадым", - деді балалардың әкесі Мұса Қосмұратов.

«Алдымен қатты ыстық әсер етті ме деп ойладым, кейін бірнәрсенің дұрыс еместігін түсіндік. Бір кезде сол жерде қамалып өлеміз бе деп те ойладым», - деді әйелі Бақыт Қыдырбекова.

Айқайды естіген дүкеннің қызметкері жүгіріп келіп есікті ашқан. Балалардың кішісі 3 жаста. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғадан кейін төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына аттанды. Онда моншаның мұржасы дұрыс емес екендігі анықталды. Қазандықтың мұржасы мен желдеткіш істен шыққан болып шықты.

«Газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес, үй иесі газ жабдықтарының жарамдылығы мен техникалық жағдайына жауапты, иесі өзі жауап береді», - деді газ тарату компаниясының өкілі Әсел Тұргымбаева.

Мамандар түсіндіргендей, монша бұрын тексеріліп, газ құрамын анықтайтын қондырғылар орнатуға нұсқау берілген. Бірақ құрылғы қандай да бір себептермен жұмыс істемей қалған.  Полицейлер балалардың улануына қатысты тергеуді бастап та кетті.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында анасы мен оның төрт баласының көз жұмғаны айтылған еді. Жамбыл облысында бір үйдің бес баласы бірдей тілсіз жаудан қаза болды. 

stan.kz




Көрілген: 1517    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30