Мәселе

Сыйлыққа ат мінген полиция басшысы қызметімен қоштасты

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевты қызметтен босатты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.


Бұған дейін интернетте Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео тараған. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "сыйлыққа жылқы мінген" полиция департаменті басшысын қатаң жазаланатынын айтқан.


Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған комиссия Атырау облысына барып, қоғамда шу туғызған оқиғаны тексерген. Министрліктің хабарлауынша, комиссия Дүйсембаевтың қызмет этикасын бұзғанын анықтаған.


6 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Аян Дүйсембаевқа генерал-майор шенін тапсырған.


 azattyq.org




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30