Тағы бір банк тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан құқық қорғаушылар отбасына көмек көрсетеді

09 қаңтар 2022, 18:46

Евразийский банк қаза болған әскерилер мен полицейлер кредитін кешіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Банк 2022 жылдың 5 қаңтарынан 19 қаңтарына дейінгі ТЖ кезеңінде клиенттерге кредит бойынша айыппұл мен өсімпұл салынбайтынын хабарлады.

 

"Тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған әскерилер мен құқық қорғау органы қызметкерлері отбасына қайғыра көңіл айтамын. Банк олардың кредитін кешіреді. Барлық салымшылар депозиті толық сақталған. Банк карталары әлем бойынша барлық жерде шектеусіз жұмыс істеп тұр. Алматыда вандалдар әрекетінен банктің үш бөлімшесі қирағанына қарамастан басқа ғимарттарда клиенттерге қызмет көрсету мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

Морозов Қазақстанның басқа өңірлерінде және Алматы бойынша қалған бөлімшелер сақталғанын және олардың жұмысы жақын арада жалғасатынын айтты.

 

Қазіргі уақытта Smartbank қосымшасы жұмыс істеп тұр. Қазақстан өңірлерінде Интернет желісіне байланысты уақытша үзілістер байқалады. 

 

Бұған дейін Halyk Bank жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасына 5 миллион теңгеден беретінін хабарлаған болатын. Ал "ЦентрКредит" қаза болғандар отбасына миллион теңгеден береді.