Мәселе

«Тәжтажал жұқтырған адамның келуі - әуе компанияларының салғырттығы және әуежайдағы кеден қызметкерлерінің немқұрайлығы» - журналист

  • «Тәжтажал жұқтырған адамның келуі - әуе компанияларының салғырттығы және әуежайдағы кеден қызметкерлерінің немқұрайлығы» - журналист

    «Тәжтажал жұқтырған адамның келуі - әуе компанияларының салғырттығы және әуежайдағы кеден қызметкерлерінің немқұрайлығы» - журналист

"Үкіметтің қателігі ғой. Жұмысты жүйелемейді, бір жақты ойлайды. Тіреліп қалған деп айтады ондайды. Короно Қытайдан келеді, басқалар қауіпсіз деп ойлаған".
Әлемді алаңдатып отырған короновирус Қазақстанға да жетті. Осы орайда, белгілі журналист Айдос Жұқанұлы тәжтажалдың (короновирус) біздің елге келуіне - әуе компанияларының салғырттығы мен әуежайдағы кеден қызметкерлерінің немқұрайлылығы себеп деп отыр. Бұл жайлы ол, Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторының ойынша, әуежайда шетелден келетін жолаушыларды тексеріп, вирусты дер кезінде анықтайтын құрылғының болмауы да елді "елең еткізген" коронавирустың" таралуына түрткі екен. "Журналистердің қаперіне: Қазақстан мен Қытай шекарасының ұзындығы - 1783 шақырым. Осы уақытқа дейін тәжтажалдың ошағы болған елден сол ауруды жұқтырған адамның бізге келмеуі - ол жақтың да, біздің елдің де шекарашылары мен кеден қызметкерлерінің арқасы.

Ал айдаладағы Еуропадан тәжтажал жұқтырған адамның келуі - әуе компанияларының салғырттығы және сол ел мен біздің елдегі әуежайдағы кеден қызметкерлерінің немқұрайлығы. Сонымен қатар, әуежайда вирусты дереу анықтайтын құрылғының болмауы. Ендеше "спрос" әуе компания басшылығы, оларды қадағалайтын көлік және коммуникация министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінен болуы керек", - деген журналистің жазбасын оқығандар оның пікірін қолдай кетті.

Мәселен, Алмабек Ақтайлақұлы есімді желі қолданушысы: "Үкіметтің қателігі ғой. Жұмысты жүйелемейді, бір жақты ойлайды. Тіреліп қалған деп айтады ондайды. Короно Қытайдан келеді, басқалар қауіпсіз деп ойлаған", - десе, Тоқтар Жақаш: "Денсаулық сақтау министрлігі жауапты!" деп үн қосыпты. Ал Бауыржан Ержанов болса, "Осы кезге дейін қамсыз отырған билікке не айтуға болады", - деп таңданысын жасырмаған.

Салтанат Бекумуханбет: "Сол рейсте болған жолаушылардың бәрін тауып болғанша, оларда вирусты таратып үлгермей ме? Тауып контрольге аламыз депті", - деп коронавирус жайлы соңғы жаңалықтардан хабардар екендігін білдіріпті.




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31