Мәселе

"Талап кетеді": Супермаркетте жұмыс істейтін бойжеткен халықтың ашкөздігіне күйінді

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыдағы ірі супермаркеттердің бірінде жұмыс істейтін бойжеткен халықтың ашкөздігін сынға алып, елді бір-біріне мейірімді болуға шақырды. Аружанның (аты өзгертілді) айтуынша, қаладағы азық-түлікке таласқан жұрттың әрекеті жаға ұстатады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

"Коронавирус қаупі Алматыға жақындады деген алып-қашпа хабар шыққаннан бастап, ел-жұрт азық-түлік алуға ағыла бастады. Ал елімізде төтенше жағдай жарияланған соң халық нөпірі арта берді.
Біз жұмыс істеп, қоймадағы тағамдарды дүкен сөресіне әкеліп үлгере алмай жатырмыз. Төтенше жағдай жарияланғалы бері дүкендердің саудасы жүруде. Осы азғантай күннің ішінде үш-төрт айда сатылатын азық-түлік өтіп кетті", - дейді Аружан.

 

Ал Алматы қаласында карантин орнатылатыны белгілі болған соң халық қайтадан жаппай тамақ ала бастаған.

 

"Кеше кешкі сағат алтыдан бастап супермаркетте аяқ алып жүру мүмкін болмады. Тұрғындардың әрқайсысы 100 мыңның тамағын әкетуде. Мен қоймадағы заттарды сөреге апарып үлгермеймін. Арбадағы заттарды көре сала, халық сол жерден "талап" алып кетеді. Макарон өнімдеріне сұраныс өте жоғары, тіпті, роллтон лапшаларын да алып жатыр. Меніңше, адамдардың бұл әрекеті дұрыс емес. Біріншіден, азық-түлік жеткілікті. Екіншіден , бұл - бірнеше күнге созылатын карантин, ақырзаман емес. Үшіншіден, билік өкілдері азық-түліктің жеткілікті екенін хабарлап жатыр. Төртіншіден, тек өз басын ойлап, өлмеудің амалын жасаған ұят сияқты. Мұндай кезде бірлікте болып, басқаларды да ойлаған жөн", - дейді бойжеткен.

 




Көрілген: 931    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 17:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31