Мәселе

Талас ауданы Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарда кейбір республикалық БАҚ-да Жамбыл облысы Талас ауданының Майтөбе ауылы су астында қалды деген мағынада ақпарат жарияланды.

 

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Ағымдағы жылдың 12 қаңтарда сағат 18:00 шамасында Майтөбе ауылы маңындағы Қаратауда күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның салдарынан қар еріп, жердің тоңы әлі қатты болғандықтан, су тасыған болатын. Биіктігі 3-5 см шамасында болған, - делінген Жамбыл облысы әкімдігі хабарламасында.

 

Дерек белгілі болған сәттен бастап жергілікті атқарушы органдар мен аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен әрекеті арқасында су деңгейін төмендету бойынша жұмыстар атқарылды.

 

 

Нәтижесінде 13 қаңтар сағат 02:00-де су нөпірі тоқтап, арнайы аршылған арнамен Билікөлге құя бастады.

 

 

Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімімен елдімекендегі аулалар түгел араланып, тексерілді. Анықталғандай, еріген қар суы ауылдағы 3 ауланың қорасына ғана кірген. Тұрғын үйлерге су кірмегені белгілі болды. Апаттан жараланғандар жоқ, - делінген ақпаратта.

 

 

baq.kz




Көрілген: 1426    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 21:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28