Мәселе

Талдықорған тұрғыны әйелін екі күн бойы үтікпен күйдіріп, азаптаған

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Талдықорғанда азаматтық некедегі күйеуі мастықпен әйелін аяусыз сабап, үсті-басын үтікпен күйдірген. Денесінің сау тамтығын қалдырмапты. Телефонын тартып алып, екі күн бойы үйде қамап ұстаған. Алған жарақаттарынан келіншек бірнеше рет есінен танып тұрған. Туыстарының айтуынша, бұл жағдайға орынсыз қызғаныш түрті болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп хабарлайды.

 

"Білмеймін, ешкімнің миына келмейтін жағдай ғой,  үстін күйдіру таң атқанша деген. Анау қалай шыдаған деймін да. Оны пітерде тастап кеткен. Есіктің бәрін жауып алған. Кілтті алып алған. Телефонды алып алған. Ана қыз ешкімді шақыра алмаған. Енді ол ана жағдайда қалай шақырады. Талып қалған қайта-қайта. Соққаннан тала бергем дейді. Білмеймін есімді дейді. Содан кейін жедел жәдем шақырған ба, сондай. Маған айтпаған ол жағдайды. Мен ол жағдайды кеше ғана білдім", – дейді жәбірленушінің сіңлісі Мөлдір.

 

29 жастағы келіншек жедел жәрдеммен бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Кейін тәртіп сақшыларын шақырып, күйеуінің үстінен арызданған. Қазір бұл оқиға бойынша, 33 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр. Жәбірленушінің денсаулығына орташа деңгейде қасақана зиян келтіргені үшін ер адам жауапқа тартылмақ. Арнайы сараптама да тағайындалған. Ал, жәбірленуші қазір ауруханада. 

 

"Науқас кеше бізге түсті. Урология бөліміне жатқызылды. Екі бүйректің қабынуы. Қосымша науқаста кеудесінде және қолдарында, аяқтарында күйген жерлер бар. Енді, бүгін тағы да қосымша тексереміз. Қазір жағдайы орташа ауырлықта. Урология бқлімінде жатыр. Барлық емін алып жатыр", – дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Асқар Садықов.

 

 

 




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30