Мәселе

Талдықорғанда бейіт басында кәуап пісіріп жеген жігіттер жаға ұстатты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

«Ішкі істер органдары жазған арыздарымды қараусыз қалдырды. Егер өліктердің ортасында кәуап пісіріп, тамақ ішіп, жынойнақ жасап жатсақ, мұсылман болып не үшін жүрміз?» - дейді Сандуғаш Дүйсенова.


Талдықорғанда бір топ азамат зираттардың ортасында кәуап пісіріп жүр. Бейіт басында осындай әрекет жасаған бейтаныс адамдардың видеосы желіге тарап, халықтың ашуын туғызды. Ең сорақысы, бейіт басын демалыс орнына айналдырып, кәуап дайындағандар бейнежазба бар болса да, кінәләрін мойындағысы келмейді. Ал полиция қызметі бастапқыда істі қысқартып тастап, видео желіге тарап, халықтың наразылығын тудырғаннан кейін қайта іс қозғапты, деп хабарлайды 31 арна.


Зираттың тазалығына жауапты Сандуғаш Дүйсенова екі моланың ортасында түтіндетіп, кәуап дайындап жатқандарды көргенде ашуға булыққан. Оның айтуынша, кәуап пісіргендер бейіт маңына зират алдындағы шлагбаумның құлпын сындырып кірген.


«Ішкі істер органдары жазған арыздарымды қараусыз қалдырды. Егер өліктердің ортасында кәуап пісіріп, тамақ ішіп, жынойнақ жасап жатсақ, мұсылман болып не үшін жүрміз?» - дейді Сандуғаш Дүйсенова.


Ал зиратта бұрыннан бері тас орнатумен айналысамын деген азамат кәуап пісірмегендерін, ештеңені сындырмағандарын айтып, барлығын жоққа шығарды.

Сандуғаш Дүйсенова бейіт басындағы ұрлық пен вандализмге тосқауыл қою мақсатында зираттың кіре берісіне шлагбаумның жақында орнатылғанын айтады.


Алматы облыстық полиция департаменті бейіт басындағы шлагбаумды сындырғандардың үстінен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу басталғанын хабарлады.


 


sn.kz




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 17:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31