Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбазының өліміне куә болғандарға іздеу салынады

28 сәуір 2022, 20:00

Талдықорғанда полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде әскери қызметкердің қаза болуына қатысты мән-жайды анықтап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қаңтардың тәртіпсіздіктері кезінде Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазының өліміне куә болған адамдар болса, өздеріне хабарласуды сұрайды.

 

Сарбаз Айбат Аманов 5 қаңтарда Талдықорғанның орталық алаңында қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қаза тапты.

 

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 7, 9, 15-тармақтары, яғни "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

 

- Жас сарбаздың қаза болу фактісі бойынша қандай да бір ақпарат білетіндер болса, барлығынан 8 771 404 86 14 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз. Анонимдікке және ақшалай сыйақыға кепілдік беріледі, деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті.