Белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің есімі Талдықорғандағы Журналистер үйіне берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ке сілтеме жасап.
Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты бұған дейін БАҚ өкілдері, марқұмның жерлестері және депутаттар көтерген болатын.
Жетісу жұртшылығымен кездесуінде бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта қолдаған еді.
"Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл — Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын", — деді Президент.