Мәселе

«Тамақ бермей ұрып-соғады»: Ақтөбедегі балабақшада шу шықты

  • «Тамақ бермей ұрып-соғады»: Ақтөбедегі балабақшада шу шықты

    «Тамақ бермей ұрып-соғады»: Ақтөбедегі балабақшада шу шықты

Ата-аналар Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде өз балаларын шығарып алып жатыр. Себебі ата-аналар балаларымызға тәрбиешілер тамақ бермей, ұрып-соғады деп отыр.


Тengrinews.kz тілшісіне ата-аналардың бірі Алина Обайдуллина екі баласының да осы балабақшаға барып жүргенін айтты. Оның сөзінше, соңғы уақытта балалары тәрбиешілердің ұратынын айтып, жиі шағымданған. Оның үстіне, балабақшада тәрбиеші тұрақты жұмыс істемейді.


Алинаның айтуынша, ай сайын жаңа тәрбиеші келеді екен. Ал осы аптада ата-аналар балаларының дұрыс тамақтанбайтынын білген.


"Сейсенбіде ата-аналардың бірі ортақ чатқа балабақшадан сурет түсіріп жіберді. Таңғы ас кезінде балаларымыздың алдында сусын мен қара нан ғана тұр. Мән-жайды түсіну үшін түске қарай балабақшаға бардым. Іште меңгеруші жоқ екен. Балалардың түскі асқа не жеп жатқанын қарадым. Тек "бірінші тағам" ғана бар екен. Екінші асқа ештеңе жоқ. Түстен кейін де тек нан мен май беретінін айтты. Ұлдарым түскі асқа ішінде картоп қана бар сорпа ішіп отырғасын, шыдай алмай, балаларымды алып кеттім", - дейді Обайдуллина.



Балабақша басшылығы тамақ алуға ақша жоқ екенін айтқан. Себебі кей ата-ана балабақша ақшасын уақытында төлемейді-мыс.


"Ата-аналардың көбі ақшаны уақытында береді. Кейбірі бермей жатыр деп барлық баланы тамақсыз қалдыруға болмайды ғой", - деп наразылығын білдірді ол.


Алина Обайдуллина екі ұлын да балабақшадан шығарып алған. Басқа ата-аналар да басқа балабақша таңдаймыз дейді.


"Балаларым үйге аш келеді. Аса мән бермей, тамақ бере қоятынмын. Өткенде ата-аналар чатынан сурет пен видео келген соң, мен де екі баламды шығарып алдым. Бірде балабақшада ұлымның температурасы көтеріліп, ауырып қалған. Барсам, іште тәрбиеші де, медбике де жоқ екен. Тек бала күтуші ғана отыр", - дейді Рита Тәңірбайқызы.


Мұндағы жанжалдан Ақтөбе қалалық білім бөлімі хабардар. "Бұл балабақшадағы жағдайдың мән-жайын білу үшін комиссия құрылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр", - деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірова. Ол тексеріс қорытындысы алдағы аптада белгілі болатынын айтты.




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.03.2019, 21:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31