Мәселе

Тамақ жетпей, аш қалып жатқан сарбаздардың видеосына қатысты деректер белгілі болды

  • Тамақ жетпей, аш қалып жатқан сарбаздардың видеосына қатысты деректер белгілі болды

    Тамақ жетпей, аш қалып жатқан сарбаздардың видеосына қатысты деректер белгілі болды

Жамбыл облысында жергілікті бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жатқандардың жағдайы қызу талқыға түсті. Желіде сарбаздардың түскі ас пен кешкі асқа шағымданып жатқаны айтылатын видео таралды. Оларға тағам ретінде берілетін сорпасы ботқа іспеттес. Сондай-ақ, тамақ бәріне жетпейтін көрінеді. Осыған байланысты арнайы комиссия оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода сарбаздар өздеріне берілетін шұжық пен ірімшіктің 17 адамға аз екенін айтады. Сорпаны әдетте табақтан қырып алып ішу керек. Сүт атымен жоқ. Оларға сүт беру тиісті емес деген жауап еститін сыңайлы. 
Алайда белгілі болғандай, бұл жазба екі жыл бұрын түсірілген болып шықты. Содан бері мекеменің тамақтану қалпы реттелген. Қорғаныс министрлігі мұндай қиындықтар әлі де болып тұратынын айтып өтті.  Сөздерінше, мұның бәрі әскери бөлімдерді тамақпен қамтамасыз ету конкурсында жеңіске жеткен жауапкершілігі жоқ ұйымдардың кесірі.

"Сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда екені өкінішті. Әрбір факті бойынша іс жүргізіліп, тиісті талаптар қойылады. Аталған факті бойынша 2019 жылы тиісті жұмыстар уақтылы жүргізілді. Луговой гарнизонында тамақтану мәселесі шешілді", - дейді ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

 Stan.kz




Көрілген: 2625    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 23:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30