Мәселе

Тамыз айына арналған ауа райы болжамы

  • Фото ашық дереккөзден

    Фото ашық дереккөзден

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

 

Тамыз айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және көбінесе құрғақ ауа райы болжанады, тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі.

 

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

 

«Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +20+25°С, күндіз +35+42°С, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15+22°С, күндіз +30+37°С болады.

Ауа температурасының мұндай жоғары фоны басқа ауа массаларының ҚР аумағына орын ауыстыруына жол бермейтін бұғаттаушы антициклонның орнығуымен байланысты болады.

Бірақ бірінші онкүндіктің соңына қарай, бұғаттаушы антициклон өз позицияларын тапсырады. Оның орнына Қазақстан аумағына циклон келеді, және онымен бірге атмосфералық фронттар бірте-бірте ауысады. Бұл өз кезегінде найзағай мен қысқа мерзімді жаңбырға әкеледі.

Кейбір өңірлерде желдің күшеюі мүмкін. Сондай-ақ жылудың төмендеуі болжанады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +25+30°С, солтүстік жартысында +20+27°С жетеді.

Айдың екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары түседі. Бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі – жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты, найзағай мен желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28+35°С болады. Ауа температурасы күндіз +23+28°С болатын оңтүстік өңірлерде қалыпты жылы ауа райы күтіледі, ал солтүстік өңірлерде ауа-райы күзгі сипатқа ие болады, күндіз ауа температурасы +17+22°С жетеді», - делінген.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1190    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30