«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала есептеулер бойынша, тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады, - деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктер таратқан ақпар бойынша, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанған.
- Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК
Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі.
Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалды болмақ.