Мәселе

«Танкке ауысу керек»: белсенді Қостанай көшелерінің ұрыс даласына ұқсайтынын айтып, фильм түсірді (ВИДЕО)

  • «Танкке ауысу керек»: белсенді Қостанай көшелерінің ұрыс даласына ұқсайтынын айтып, фильм түсірді (ВИДЕО)

    «Танкке ауысу керек»: белсенді Қостанай көшелерінің ұрыс даласына ұқсайтынын айтып, фильм түсірді (ВИДЕО)

2020 жылы Қостанай облысындағы жолдарды жөндеуге тағы миллиардтаған теңге бөлінген. Бюджеттің қалай игерілгені жолдың сапасына қарай айқындалады емес пе?
Қостанайлық белсенді тұрғылықты жерінің көшелерінің қазіргі ахуалын әжуалайтын қысқаметражды көркем фильм түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол фильм барысында бейбіт күнде бұзылған шұрық-тесік жолдарды назарға алған. Сол арқылы Қостанай көшелерін ұрыс даласына ұқсатып отыр. Автордың ойынша фильмге түсірген көшелерде көліктен гөрі жаяу жүрген тиімдірек.

"Ұлы Отан соғысындағы жеңістен бері 75 жыл өтті. Әйтсе де, Қостанайдың жолдары әлі күнге дейін ұрыс даласына ұқсайды. Тек автокөлік тізгіндеушілер жолдағы ой-шұқырға наразы.

Жағдайдың қисынсыздығына қарамастан, бұл шындыққа жанасады. 2020 жылы Қостанай облысындағы жолдарды жөндеуге тағы миллиардтаған теңге бөлінген. Бюджеттің қалай игерілгені жолдың сапасына қарай айқындалады емес пе?
Әлде, асфальт тағы да өткен жылдардағыдай қармен еріп кете ме? Биыл қала тұрғындары жолдардағы тесіктер мен шұңқырлардың рекордтық санына жетті. Сол ойық-тесіктердің "арқасында" көлік жүргізу қауіпке айналды. Мұндай жағдайда танкке қайта ауысу керек немесе жаяу жүру әлдеқайда тиімді", - деп жазды фильм авторы Тоқтар Мамедов Instagram парақшасында.

Айтпақшы, Қостанай көшелерінің сапасыздығына налыған автор фильмге соғыс даласының эффектілерін қосқан. 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 14:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30