Мәселе

Тапа-талтүсте шымкенттік оқушылар төбелесіп, соңы пышақтасу, атысуға ұласты

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат 1 жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ та атқан.


- 2030 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында – шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады.


Пышақталған – №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жарақат алған оған оқиға орнына жеткен полицейлер жедел жәрдем шақырды.


Оның мұғалімдері балаға шаң жуытпайды. Сөздеріне сенсек, төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген.


Ал тәртіп сақшыларын көре сала, оқушылардың көбі ізін суытса, бірнешеуі полицияның қолына түсті.


Бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.


ktk.kz


 


 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30