Мәселе

Тараз тұрғыны үйсіз жүрген ер адамның итті зорлағанын айтып, дабыл қақты

  • Видеодан кадр/newtimes.kz/

    Видеодан кадр/newtimes.kz/

Тараз қаласында жергілікті тұрғын "Ақтөс" үйсіз жануарларды қорғау қорына жүгініп, итке жасалған қатігездік туралы айтып берді деп жазады NewTimes.kz.

 

"Біздің көпқабатты үйдің жанын ақылды ит паналады, біз оған гараждың артынан орын жасап бердік, ол оқиғаға дейін сол жақта тыныш өмір сүрді. Шамамен екі апта бұрын біз қатты дауысты естідік, сол уақытта гараждардың артында итті зорлап жатқан бомж-зоофилді көрдік. Біз оны қуып жіберуге тырыстық, алайда ол әр кеш сайын қайтып келіп жүрді. Ал таңертең иттің жағдайы өте нашар болатын. Содан кейін учаскелік полиция қызметкерін шақырдық, бірақ ол келмеді. Одан бөлек, учаскелік полиция қызметкері итті атып тастаймын деп қорқытты", - дейді жергілікті тұрғын жануарларды қорғаушылардың Instagram-дағы аккаунтында үндеу жариялап.

 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті тұрғынның аталған мәлімдесіне пікір білдіріп, инспекторлар профилактикалық жұмыстар жүргізіп, аулаларды аралағанын, гараждарды тексергенін жеткізді.

 

"Бұл әкімшілік аймақта күндізгі және түнгі полиция қызметі күшейтілген. Жануарға деген қатігездік фактісі анықталған жоқ. Бұл факті бойынша нақты дәлелдер мен куәгерлер жоқ", - дейді жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

 

"Ақтөс" қорының еріктілері бұл жағдайда тәртіп сақшылары әрекетіне көңілі толмайтынын білдірді.

 

"Итті зорлады. Адамдар көрді. Көбі жаман ештеңе болған жоқ деп санайды. Үйсіз адам басқа ит табады, содан кейін балаларға көшеді. Сонда бұл қалай?... Өмір жалғасуда", - деді олар.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1401    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31