Мәселе

Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған Ұлттық ұланның сарбазы белбеуіне асылып қалды

  • Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған Ұлттық ұланның сарбазы белбеуіне асылып қалды

    Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған Ұлттық ұланның сарбазы белбеуіне асылып қалды

Тараздағы Ұлттық ұланның 55/13 әскери бөлімінде сарбаз суицид жасады. Үйіне оралуына небәрі екі ай қалған 20 жастағы ақтөбелік жауынгердің мәйіті өзінің белдігіне асылған күйде табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Болат Батырханның денесі әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге дара асылған жерінен анықталған. Оның бұл қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Әскерилердің сөзінше, оның денесінде соққының бірде-бір ізі жоқ. Қазір тексеріс жүріп жатыр.


Сарбаздың мәйітін нағашы ағасы ауылына бүгін таңда алып кетті. Болат Батырханды басшылығы үздік сарбаз болған дейді. Оның суреті мақтаулы жауынгерлердің қатарында тұр.


"Қазір бүкіл жағдайлар тексерілуде. Біреумен жанжал болды ма, жоқ па, өз-өзіне қол жұмсауға біреу итермеледі ме, ол да тексеріледі. Ең соңғы шешім тергеу аяқталғанда белгілі болады", — дейді ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов.


Әскери бөлімде бұған дейін де қайғылы жағдай болған. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табелдік тапаншасымен атылып өлген еді. Марқұмның жақындары оның суицид жасауына басшылық тарапынан жасалған қысым себеп деген болатын. Ал 20 жасында қыршын кеткен Болатқа әлімжеттік жасалды ма, жоқ па, оны тергеу орындары анықтайды.


 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30