Мәселе

Таразда тегін жер алатын тұрғындарды таппай жатыр

  • Таразда тегін жер алатын тұрғындарды таппай жатыр

    Таразда тегін жер алатын тұрғындарды таппай жатыр

 Таразда кезінде ЖСН көрсетпеген тұрғындарды тегін жер беру үшін таба алмай жатыр, – деп жазады 24.kz.

Ал «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін азаматтардың барлығы бірдей жоба шарттары мен талаптарына сәйкес келмейді.

Тараз қалалық жер қатынастары бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұржан Бекежанов: «11935 азаматқа хабарлама жібергенбіз. Оның ішінде тек ғана 488-і ғана қатысам деп өтініш берді. Оның ішінде тек 38 азаматты ғана Құрылыс жинақ банкі «одобрить» етті. Көбісі кезінде ИИН ештеңе көрсетпеген бізге. Көбісін таппай жатырмыз. Ал оны тастап кетіп келесіге «неғылайық» (берейік – ред.) десек, прокуратура оған қарсылық, наразылық білдіреді. Аттап кетуге болмайды деп. Ол кісі алмайтын болса жазбаша түрде бізге ескерту керек», – дейді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жеке меншік құрылыс бағыты бойынша Тараз қаласының аумағынан 29 гектар жер бөлінген. Бірақ бұл жердің басым бөлігі бүгінде бос тұр. Жоба басталғалы бар-жоғы 47 үйдің құрылысы жүргізіліп, 20-сы ғана берілген. Ал жер мен үйге деген сұраныс артып барады. Таразда жеке тұрғын үй салуға берілетін жер мәселесін бір жүйеге келтіру қажет. Қалалық жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, облыс орталығында жер ауқымды көлемде 2003 жылы ғана берілген. Ол уақытта 1300 адам жер телімін алған көрінеді. Одан бері тек 2017 жылы ғана жер 400 адамға үлестірілген. Ал биыл Тараз қаласы бойынша бірде-бір адамға жер телімі берілмеген. Қазір кезекте тұрған адам саны 70 мыңнан асып барады.

24.kz.

 

 

 




Көрілген: 1081    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 18:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31